Н.Назарбаев: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысынан аса күрделі кезеңге сәйкес келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысынан аса күрделі кезеңге сәйкес келді

25.03.2016
Н.Назарбаев: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысынан аса күрделі кезеңге сәйкес келді

«Баршаңызды алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі белесін еліміз жаңа құрамдағы Парламентпен қарсы алуда. Сайлаудың қорытындысы бойынша Парламентке 3 партия және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат өтті. Баршаңызды тең бәсеке жағдайында өткен сайлаудағы ортақ жеңіспен, депутаттарды жауапты қызметтеріңізбен құттықтаймын!»,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысынан аса күрделі кезеңге сәйкес келгендігін атап өтті.

«Әлемдік дағдарыс шиеленіскен жауапты шақта халқымыз сіздерге зор сенім білдірді. Елімізді түбегейлі жаңғыртатын ауқымды істерді заңнамалық қамтамасыз ету сіздерге жүктеледі. Бұл сайлау ерекше өтіп, халықтың белсенділігін көрсетіп берді. Бүкіл дүниежүзіне біз осы жылдар ішінде заңды, ашық түрде баламалы сайлау өткізе алатынымызды дәлелдедік. Дүние жүзінің сарапшыларынан да, бақылаушыларынан да оң баға алдық. Бұл да біз үшін зор жетістік болып саналады»,-деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу