Қызылордада көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді

20.03.2016
Қызылордада көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді

25-27 наурыз күндері Қызылорда қаласында көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат басталады, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Онда Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ге жуық 2003-2011 ж.т гимнасшы қыздар өнер көрсетеді. 

Облыс орталығында қатарынан үшінші жылы жалауын көтерген байрақты дода жекелей және топтық жаттығу бойынша өтеді.
Жарыстың мақсаты - облыста көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнасшылардың спорттық шеберлігін шыңдау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу.

Жарыста 1,2 орынды иеленгендер спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды.

Хабарламаларға жазылу