Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр

08.10.2014
Семейде көркем гимнастика бойынша ШҚО чемпионаты өтіп жатыр

Семейде көркем гимнастикадан ШҚО ашық чемпионаты өтіп жатыр. Дәл осы сайыста облыстан шығатын құрама команда қатарындағы негізгі спортшылар іріктеліп алынады.

Іріктеу сынына 5-16 жас аралығындағы Өскемен және Семей қалалық спорт мектептерінің 200-ге жуық тәлімгері қатысуда. Олар жеке және топтық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Облыс біріншілігінде үздік атанғандар Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу