Елордада сайлау учаскелері жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада сайлау учаскелері жұмысын бастады

20.03.2016
Елордада сайлау учаскелері жұмысын бастады

Бүгін барша Қазақстан бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Астанада 405233 сайлаушы тіркелген. Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен биыл 26 жаңа сайлау учаскесі құрылды. Сонымен қатар, сайлаушыларға ыңғайлы болуы үшін әрбір сайлау учаскесінде шағын халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

ХҚКО елорда тұрғындарын қандай да болмасын сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мекенжай анықтамаларын беретін болады.

«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдіктерінің, Ауыл шаруашылық, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының күшімен 91 сайлау учаскесіне тиісті аумақта қалалық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің және кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Әдеттегідей, бірінші болып келген сайлаушылар, алғаш рет дауыс беретіндер, сондай-ақ, 20 наурызда туған күнін атап өтетін азаматтарға естелік сыйлықтар беріледі.

Бүгін барлық санаттағы азаматтар үшін барлық санаттағы қоғамдық көлікпен жол жүру тегін болады.

 

Хабарламаларға жазылу