Елімізге танымал жас әншілерінің бірі Айқын Төлепберген бүгінде тыңдарманын тапқан өнерпаз. «Superstar.kz» мегажобасында алғаш рет үлкен сахнаға шығып, көпшілікке таныла бастады. Кейін тележүргізушілік қырымен де көрінді.
Әншінің «Пах-пах», «Алтыным», «Ерке қыз» «Ең алғашқы» сынды әндері халықтың көңілінен шығып, шетінен хит болған туындылар.
Жақында өткен әншінің «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты шығармашылық концертінде Айқынның сахнадағы 12 жыл ішінде орындаған әндерінің үздіктері халық назарына ұсынылды.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:35-те сол кештің телевизиялық нұсқасын тамашалай аласыздар. Толығырақ...