«Ордабасы Құс» ЖШС қазіргі заманғы күркетауық фабрикасы 2010 жылдың аяғында іске қосылған болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан кешен республиканың агроөнеркәсіп саласындағы күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба.
«Ордабасы Құс» ЖШС Ұлыбританияның Оксфорд қаласында Еуропалық сапа сертификатын, Париж қаласында Тәуелсіз қоғамдық сапа жөніндегі бірлестіктің алтын медалін алды.
Фабрика алғашқы қадамын қалай бастады? Бүгін 13:15-те «Табыс сыры» хабарында фабрика басшысы Мұрат Тағаев тәжірибесімен бөліспек. Толығырақ...