Мақсұт Жұмаев Эльбрус шыңын бағындырмақ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақсұт Жұмаев Эльбрус шыңын бағындырмақ (ВИДЕО)

18.03.2016
Мақсұт Жұмаев Эльбрус шыңын бағындырмақ (ВИДЕО)

Мақсұт Жұмаев саяхатшы Мағжан Сағынбаевпен бірге Оңтүстік Американың ең биік нүктесі Аконкагуа шыңын бағындырып қайтты. Үнемі соғып тұратын ақ желімен танымал Анд тауының басына шығу альпинистер үшін оңайға соқпады.

Экспедиция барысында ауызсу таусылып, қолайсыз ауа райының салдарынан біраз қиындыққа тап болған.

«Аконкагуа шыңы Тынық мұхитына жақын орналасқандықтан табиғаттан келер қатер көп болады екен. Жылдамдығы жоғары жел тоқтаусыз соғып тұрады. Борандатып соққан дауыл діттеген нүктемізге уақытында жетуімізге кедергі болды. Қиыншылыққа қарамастан жоспарымызды жүзеге асырып қайттық», дейді альпинист.

Қазақстан альпинистер құрамасының капитаны Мақсұт Жұмаев - әлемге белгілі 12 альпинистің бірі. Ол биіктігі 8848 метр болатын Джомолунгма шыңын бағындырған. Оған қоса, әлемнің биіктігі 8 мың метрден асатын 14 шыңына қосымша оттегісіз шыққандар қатарында. Келесі сапары мамыр айына жоспарланып отыр. Ол Еуропа мен Ресейдің ең биік нүктесі саналатын Эльбрус шыңына шықпақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу