Әнші Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева - «Таңшолпанда» қонақта.
19 наурызда елордадағы «Конгресс-Холл» сарайында өнерлі жұптың «Айттым сәлем сағынып» атты ән кеші өтеді. Бұл кеш алдағы уақытта өңірлерде де жалғасын таппақ.
Рамазан Стамғазиев «Соңыңыздан еріп келе жатқан жастарға көзқарасыңыз қалай?», деген көрермен сауалына: «Қазір сахнаға домбыра, қобыз, жетігенмен шығып жүрген жас өнерпаздар көп. Көпшілік біле бермегенімен, жыл сайын өтіп жататын түрлі байқауларда көріп жүрміз. Олардың болашақта бір-бір тұлға боларына сенімдімін. Бұл жастарымызды ғасырдан келе жатқан ұлттық өнерімізді жалғастырушылар деп білемін», деген пікірін білдірді.
Өнерлі жұп таңғы бағдарлама студиясында Сейіл Аяғановтың «Жүрек сыры» әнін орындады. Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.