Қазақтың тоғызқұмалақ ойыны туралы Миланда ағылшын және итальян тілдерінде кітап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың тоғызқұмалақ ойыны туралы Миланда ағылшын және итальян тілдерінде кітап шықты

17.03.2016
Қазақтың тоғызқұмалақ ойыны туралы Миланда ағылшын және итальян тілдерінде кітап шықты

«Togyzkumalak's composition» кітабы итальян тілінде «IL Togyzkumalak» деген атпен Милан қаласында жарық көрген кітаптың авторы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы, Тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев.

150 беттен тұратын бұл кітаптың басты ерекшелігі бағзы заманнан келе жатқан төл ойынымыз тоғызқұмалақтың есептері мен этюдтері толығымен жинақталып берілген.

Бұл кітап аталған елде жергілікті тұрғындардың қазақтың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығын арттыруға таптырмас құрал екені анық, деп жазады ҚазАқпарат.

 

Хабарламаларға жазылу