Шымкентте ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтіп жатыр

16.03.2016
Шымкентте ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Наурыздың 16-18 аралығында өтетін көрмеге бүгінде нарықта қажетті саналатын тауарларды ұсынатын 40-қа жуық құрылыс компаниясы қатысуда.

Нақтырақ айтсақ, қатысушылардың стендтерінде құрылысқа қажетті сәнді, заманауи құрылыс материалдары ұсынылады. Айта кетерлігі, көрмеге бетон өндірісі үшін жабдықтарды ұсынатын «Камск бетон зауыттары» алғаш рет қатысып, Ariston Thermo S.P.A компаниясының су жылытқыштары мен газ қазандықтары, «Fleet & Equipment Solutions» компаниясының жоғары технологиялы жол және құрылыс жабдықтары ұсынылады.

Мұнан бөлек, екі күндік шараға қатысушылар түрлі шетелдік танымал компаниялардың өнімдеріне баға беріп, оны пайдаланып көруіне мүмкіндік жасалады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу