Жетісу ән мектебі бойынша тәлім алған өнер иесінің кәсіби сахнада жүргеніне - 15 жыл.
«Репертуарымдағы дәстүрлі әндер қоры қазіргі кезде 200-ге жуықтап қалды. Биылғы жылы мамыр айының соңында жеке шығармашылық кешімді өткізсем деймін. Оның үстіне, ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеп жүрген жайым бар»,- дейді әнші.
«Халық әндері біздің ұлттық болмысымызды көрсетеді. Қазақтың домбырасы ойнап, халық әні шырқалып жатқанда таңқалмайтын жан кемде-кем».
Әнші Ұлттық арна студиясында «Бедел-ай, бөпем-ай» әнін орындады.
Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».