Велошабандоз Артем Захаров Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велошабандоз Артем Захаров Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды

15.03.2016
Велошабандоз Артем Захаров Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды

Соңғы екі маусым бойы қазақстандықтарды түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар, соның ішінде Азия және Әлем кубоктарында жоғары нәтижелерімен қуантқан Артем Захаров Олимпиаданың үздік 18 спортшысының рейтингіне кірді. Осылайша, қазақстандық велотрекшілер Афины-2004 Олимпиадасынан бері алғаш рет төрт жылдықтың басты додасына қатыспақ.

Бүгінде Қазақстанның қоржынында 50 Олимпиадалық лицензия бар.

2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз күндері Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу