«Шалқар» радиосының «Өнегелі отбасы» хабары әуе толқынына «Өмірдің иесі - ана» тақырыбында шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының «Өнегелі отбасы» хабары әуе толқынына «Өмірдің иесі - ана» тақырыбында шықпақ

09.03.2016
«Шалқар» радиосының «Өнегелі отбасы» хабары әуе толқынына «Өмірдің иесі  - ана» тақырыбында шықпақ

«Шалқар» ұлттық радиосының «Өнегелі отбасы» хабары 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бүгін әуе толқынына «Өмірдің иесі - ана» тақырыбында шықпақ

«Өнегелі отбасы»  - елімізде бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасын қолдауға арналған әлеуметтік маңызы бар бағдарлама. Әр шығарылымына елге айтары бар, ынтымағы айрандай ұйып отырған жанұялардың үлгілі ұстанымдары арқау болады.

Хабардың басты мақсаты - радиотыңдармандардың санасына отбасылық құндылықтарды сіңіру, ұлттық тәрбиенің мән-маңызын ұғындыру.  

Бүгінгі тақырып аясында тікелей эфирде «Отбасы мектебі» қоғамдық қорының жұмысын үйлестіруші Жасұлан Нұрмахамбетов және қор мүшесі Досыбай Нұрлыбекпен әңгіме өрбімек.  

Хабар қонақтарына 8(717)2 55 33 66 нөміріне қоңырау шалу арқылы сауал жолдай аласыздар.

Айта кетсек, бағдарлама эфирге әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 21:00-де шығады. Жүргізушісі: Ақбота Қанайқызы.

Ұлттың үнжариясы - «Шалқар» радиосы қосулы болсын!

Аймақтық жиіліктер

Хабарламаларға жазылу