Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-23 метр болады.
Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 метрге күшейеді.
Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел күші секундына 15-20 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де тұман болуы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі.