Ирандық инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирандық инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

06.03.2016
Ирандық инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

Өңір басшысы қонақтарды облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, өңірдің жоғары өндірістік-экономикалық әлеуеті жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкім Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының басты бағыты ауыл шаруашылығы болып табылатынын атап өтті. Кездесу барысында суармалы жерлерді игеру, сондай-ақ, алма бауларын отырғызу, дәнді және майлы дақылдар егу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар техника, егіншілік және сауда-саттық салаларында мол тәжірибесі бар екендігін алға тартты. Бұл ретте облыс әкімі құзырлы органдарға ирандық компанияның жобаларын іске асыру барысында жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу