Басты Жаңалықтар Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспардың орындалуы 17 пайыздан асты, нақтырақ айтқанда, 3 мың 265 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 245-і – өнеркәсіп, 692-сі – сауда, 175-і – көлік және байланыс, 490-ы – білім және денсаулық сақтау, 498-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 1 мың 165-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 1 мың 69 адамды жұмысқа орналастырды.

Жастар тәжірибесінен өтуге 187 түлек жіберілді, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

«Айта кетейік, 3 наурызда Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік к-сі, 25, сағат 10:00-13:00) бос орындар жәрмеңкесі өтеді, онда 2000 жуық жұмыс орны ұсынылады»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Бөлісу