Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Алғыс айту күніне «Мың тағдыр – бір Ел» көрмесін ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Алғыс айту күніне «Мың тағдыр – бір Ел» көрмесін ұйымдастырады

29.02.2016
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Алғыс айту күніне «Мың тағдыр – бір Ел» көрмесін ұйымдастырады

Көрмеде музей қонақтарына ата-бабалары қатал тағдырдың айдауымен келген миллиондаған адамдарды туысындай көріп, қамқор болған, қонағындай күтіп, бір үзім нанын бөліп берген қазақ жеріндегі белгілі қазақстандық суретшілердің туындылары ұсынылады.

Көрермендер ұлттық мәдени қазынамызға енген мұражай жинақтамасының қорындағы жұмыстарды көреді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Авторлардың қайсысының болса да, тағдыры жеңіл болған жоқ. Бірақ, олардың қазақ жеріне, оның дәстүрлеріне, халқына арнаған шығармашылығы оларды Қазақстанның қазіргі мәдениетіне қосқан зор үлесіне айналды.  Оларды өз  Отанының нағыз патриот-суретшісі ретінде танытты»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Экспозицияда «ұлттық белгілері бойынша» ХХ ғасырдың басында Париж Көркемсурет академиясын аяқтаған Ким Хен Нюннің, кескіндемеші Михаил Ким мен белгілі график әрі кітап безендіруші Борис Пактың, А. Пушкин атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бұрынғы директоры, Европадағы көрмелерде картиналарын қойып жүрген суретші Владимир Эйферттің және Киев Суретшілер серіктестігінің мүшесі, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі көптеген көрмелерге қатысқан суретші Леонид Брюммердің туындылары көрсетіледі.

Көрменің ашылуы аясында Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Мың тағдыр – бір Ел» дөңгелек столы өтеді. Оған қатысушылар осы шеберлердің шығармашылық тағдыры туралы баяндап, қазақ халқы олар үшін адамгершіліктің өлшемі болып қалғандығы жөнінде отбасылық естеліктерімен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу