Сайранбек Ербатырұлы: Киокушинкай-кан каратэ спортына баланы бес жастан бастап берген жөн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайранбек Ербатырұлы: Киокушинкай-кан каратэ спортына баланы бес жастан бастап берген жөн

29.02.2016
Сайранбек Ербатырұлы:  Киокушинкай-кан каратэ спортына баланы бес жастан бастап берген жөн

Киокушинкай-кан каратэ 1975 жылы Жапонияда пайда болған. Қазір спорттың бұл түрі 196 елде дамыған. 

«Каратэ спорты елімізде Тәуелсіздік алған жылдардан бері дамып келеді. Әлемдік рейтингте Қазақстан - үздік ондықта. Ал, Азия құрылығында 2-ші орында тұр».

Әлішер Кәрменов киокушинкай-кан каратэмен 11 жылдан бері, Нұрлыхан Сәдуақасов 9 жылдан бері айналысып келеді.

«Спорттың бұл түрімен 5 жастан бастап айналысқан жөн. Астана қаласы бойынша қазір 1500-ге жуық бала жаттығып жүр. Оның 50 пайызы - 10 жасқа дейінгі балалар», дейді Сайранбек Ербатырұлы.

Киокушинкай-кан каратэнің рұқсат етілген және рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдерін «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу