Әлемдегі ең қымбат үйлердің үздік бестігі (2016 жылдағы):
5. Херст сарайы (Лос-Анджелес)
Бұл үй Беверли-Хиллзда орналасқан. 1926 жылы медиамагнат Уильям Рэндольф Херст салдырған. Бағасы 165 миллион АҚШ долларын құрайды.
4. Пруд Фэрфилд (Нью-Йорк)
Нью-Йорк маңында орналасқан америкалық инвестор Айра Реннерттің үйі. Бұл үйдің 29 бөлмесі бар. Бағасы – 170 миллион АҚШ доллары.
3. Леопольд вилласы (Франция)
Вилланы 1902 жылы белгиялық король Леопольд ІІ салдырған. Алайда, үй құрылысы аяқталмай тұрып, 1909 жылы король қайтыс болған. Осылайша «Леопольд вилласы» атанған. Бағасы - 736 миллион АҚШ доллары.
2. Антилла (Мумбай, Индия)
Бұл 27 этажды үйде небары 6 адам тұрады. Орта ғасырларда әлем картасында көрсетілген аралдың атымен аталған. Бағасы – 1 миллиард АҚШ доллары.
1. Цуг өзені бойындағы үй (Швейцария)
Тұрғын үйдің аумағы – 752 шаршы метр. Бағалы металдардан, метеоритті тастардан тұрғызылған. Бағасы – 12,2 миллиард АҚШ доллары.
Дерек көз: billionnews.ru