Садық Кәрімбаев –композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірегн әртісі. Бала күнінде шешекпен ауырып екі көзінен айырылған.Жасынан ән салып, сырнай тартады.
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, әсіресе, өзі туып өскен өлкенің Майра, Естай, Жарылғапберлі сияқты әнші-ақындарының шығармашылығын жетік біліп, солардан ғибрат алады, өзі де ән шығарады.
Әндерінің тақырыбы сан алуан. Туған жердің табиғат сұлулығына, еңбек адамдарының ерлік істеріне, Отан қорғау тақырыбына арнаған туындылары бар. Халық арасына кең тараған әндерінің негізгі бір саласы – лирикалық әндер. Сондай-ақ, вальс жанрының дамуына да үлес қосты.
Оның «Жетісу», «Кешкі Алматы», «Жаңаарқа», «Тракторшы қарындас», «Сауыншы жеңгей», «Жылқышы қыз», «Шаттанамын еңбектің ерлеріне», «Қызылшашылар маршы», Отан қорғау тақырыбына «Жорық», «Аттаныс» атты туындылары бар.
Кең тараған лирикалық әндері «Сағындырған сәулем-ай», «Күтем сені», «Сүйген сәулем Ақерке», «Ақ тотым», «Ақтамақ», «Айлы түнде», «Жамбыл жастарының вальсі», «Қапшағай вальсі», деп аталады.
Композитордың әндерін Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Жүсіпбек Елебеков, Ермек Серкебаевтар орындаған.