Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жастардың білім деңгейін көтеріп, өзін үздіксіз шыңдай түсуі үшін осындай тестілеу орталықтары көптеп ашылуы керек. Біз қаламыздағы мектеп оқушыларының білім сапасын республикада алдыңғы орынға шығаруымыз үшін осындай орталықтар қажет»,-деді Шымкент қаласының әкімі орталықтың ашылуына орай сөйлеген сөзінде.
Орталықта 5-ші және 11-ші сынып аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша 11 пәннен 2 тілде 9 мыңнан астам тест сұрақтары жинақталған. Сонымен қатар, 2 тілде негізгі және қиын тақырыптар мен пәндер бойынша 300-ден астам оқу курстары бар. Тесттер мен оқу курстарын еліміздің жетекші ұстаздары құрастырған. Аталған орталық мектеп оқушыларының ҰБТ-ға дайындалуларына жəне сəтті сынақты тапсыруға көмектеседі. Оқушылар мұнда сынақ тапсырып, өзінің қателіктерін көріп, бейнесабақтар оқуына болады. Тіпті жазғы мектептерге қатысып, тестілеуден ең жоғарғы балл жинауына мүмкіндік бар.
UStudy.kz - Ұлттық тестілеу орталығының ресми серіктесі. Толығырақ мағлұматтарды да осы сайттан алуға болады.