Кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы шекті деңгейден аса алмады

25.07.2014
Кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы шекті деңгейден аса алмады

Елімізде 19-22 шілде аралығында жүргізілген  кешенді тестілеуге 84 490 талапкер қатысты.

Жыл сайын кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беру мекемелерінің, қазақ және орыс тілдерінен басқа тілде оқытатын жалпы білім беру мектептерінің, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, сондай-ақ, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде оқыған оқушылар кешенді тестілеу тапсырады.

 Осы мақсатта еліміздің түрлі аймақтарында 42 кешенді тест тапсыру орны ашылды.

Сынақ оқу бағдарламасының 4 пәні бойынша: қазақ тілі (орыс тілі), Қазақстан тарихы, математика және  таңдау пәні жүргізілді.  

Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары - 100 балды 9 талапкер жинады, ал, шекті деңгей 50 балды тест тапсырғандардың жартысынан астамы еңсере алмады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу