«Нұрлы жол» инфрақұрылымын қаржыландыруға бөлінетін қаражат биыл 807,5 млрд теңге мөлшерінде айқындалды - Бақыт Сұлтанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» инфрақұрылымын қаржыландыруға бөлінетін қаражат биыл 807,5 млрд теңге мөлшерінде айқындалды - Бақыт Сұлтанов

25.02.2016
«Нұрлы жол» инфрақұрылымын қаржыландыруға бөлінетін қаражат биыл 807,5 млрд теңге мөлшерінде айқындалды - Бақыт Сұлтанов

«Нұрлы жол» инфрақұрылымын қаржыландыруға бөлінетін қаражат биыл 807,5 млрд теңге мөлшерінде айқындалды. Бүгін «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.

«Бюджеттің негізгі параметрлеріне сәйкес, түсімдері 7 трлн 364 млрд теңгеге немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 424,9 млрд теңгеге ұлғайтылып отыр. Республикалық бюджеттік кірістері болжам бойынша (трансфертті есепке алмағанда) 2016 жылы 3 трлн 365,3 млрд теңге. Бұл негізінен мұнайға арналған кедендік баж ставкасын 40 доллардан 20 долларға дейін төмендеуінен қалыптасып отыр және жалпы алғанда осы мәселе кірісті 206 млрд теңгеге төмендетеді», деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруды жалғастыру үшін Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт 240 млрд теңгеге ұлғайып, 807,5 млрд теңге мөлшерінде айқындалады.

 

Хабарламаларға жазылу