Биыл еліміздің 13 жоғары оқу орнында 26 заманауи зертхана ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл еліміздің 13 жоғары оқу орнында 26 заманауи зертхана ашылады

02.06.2016
Биыл еліміздің 13 жоғары оқу орнында 26 заманауи зертхана ашылады
Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға бөлінетін қаражаттың тиімді пайдалануын бақылау жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

Осы мақсатқа 3 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Комиссия жетекшісі депутат Ирина Аронованың айтуынша, Индустрияландыру бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаржыға жоғары оқу орындарында заманауи зертханалар құру көзделген.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу