Жуырда Ернар Айдардың «Жарай ма?» атты концерті өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда Ернар Айдардың «Жарай ма?» атты концерті өтпек

24.02.2016
Жуырда Ернар Айдардың «Жарай ма?» атты концерті өтпек

7 наурызда Алматыдағы Республика сарайында жас әнші Ернар Айдардың  «Жарай ма?» атты концерті өтпек. Осы концертке байланысты әнші әлеуметтік желілер арқылы байқау ұйымдастырған болатын.

«Бұл Ұлттық арнамен бірге ойластырылған дүние. Ондағы мақсатымыз - ауылдағы тыңдармандарға мүмкіндік беру. Үш кезеңнен тұратын сайыс ұйымдастырдық. Алғашқы кезеңнің жеңімпазы да анықталды, екінші кезең енді басталып жатыр»,-дейді әнші.

«Концертте тыңдармандарыма тосын дүние ұсынғым келеді. Бір айта кетерлігі, осыған дейін 80-нен астам ән шығарыппын, бірақ ешкіммен дуэт айтпаппын. Концертте осы жағы қамтылмақ. Сондай-ақ, менің репертуарымда патриоттық ән жоқ екен. Кеште екі патриоттық ән шырқалмақ»,-дейді әнші.

Әншінің әнін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз!

Хабарламаларға жазылу