Б.Атамқұлов: Шымкент қаласы болашақта интеллектуалды орталыққа айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Атамқұлов: Шымкент қаласы болашақта интеллектуалды орталыққа айналады

23.02.2016
Б.Атамқұлов: Шымкент қаласы болашақта интеллектуалды орталыққа айналады

«Шымкент Қазақстанның үшінші мегаполисі. Мемлекет басшысы елдің ғылыми сиымдылығы жоғары экономикасының экономикалық сұлбасын жасауды тапсырды. Осыған байланысты Шымкент қаласы  4 агломерацияның (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе) бірі ретінде анықталды. Онда болашақта өңірдің өнеркәсіптік және ғылыми әлеуеті шоғырланып, тиісті инфрақұрылым қалыптасады»,-деді облыс басшысы.

Осыған қарай, ол болашақта Шымкентті ірі, заманға сай мегаполиске айналдыру жоспары бар екендігін жеткізді. Болашақта Шымкент бизнеске ыңғайлы, адамдардың өмір сүрулері үшін қолайлы,  қауіпсіз, таза, «жасыл» қалаға айналады.

«Біз қаланың болашақта жаңа жобалар мен инновациялардың орталығы, интеллектуалды орталыққа айналғанын қалаймыз»,-деді Б.Атамқұлов. 

Хабарламаларға жазылу