«Абысын тату болса...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абысын тату болса...»

23.02.2016
«Абысын тату болса...»

Абысын – ағайындылардың жарлары. Қазақта олардың отбасындағы орны белгіленіп қойған. Қандай жағдай болса да, үлкен ағаның әйелі кішісінің әйелінен жолы үлкен болады.

Онымен тек қарашаңырақта қарақазанның құлағын ұстап, ата-ененің қамқоры болып отырған келін ғана теңестірілуі мүмкін.

Бұқар жырау «Ағайынның аразы, елдің сәнін кетірер. Абысынның аразы ауыл сәнін кетірер» дейді.

Бір әулеттің бірлігін сақтап, берекесін арттырып отыратын абысындар арасындағы араздықтың себебі неде? Татулықты қалай сақтауға болады?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» бір әулеттің абысындары сыр шертеді.

Хабарламаларға жазылу