«Әйел бақыты». Хадиша апа: Келіндерім бір-бірімен араласпайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Хадиша апа: Келіндерім бір-бірімен араласпайды (ВИДЕО)

13.07.2017

«Абысын тату болса, ас көп». Бір әулеттің бірлігін сақтап, берекесін арттырып отыратын абысындар арасындағы татулықтың кілті неде? Студияға келген Хадиша апай өз оқиғасымен бөлісті.

«Менің екі келінім бар. Екеуі қатарлас. Екі келінімді де 2 жылдай үйде ұстадым. Бала туған соң келіндердің бірге тұруы қиын болып кетті. Бір-біріне ренжиді, сөйлейді, істегендерін жақтырмайды. Бастары қосылмай, көреалмаушылық басым болды. Кіші келіннің мінезі қырсық. «Ол да біреудің қызы» деп қатты сөйлемедім. Жай сөйлегенді түсінбейді екен.

Екеуін бөлмеймін. Баласы да мен үшін бірдей. Ақыл айтсам, тыңдамайды. Үлкен келінді бөлек шығардық, кіші келінді әлі тәрбиелеймін деп алып қалдым. Екеуі әлі де араласпайды. Ұлдарым өзара араласады. Бірақ, келіннің ықпалы көп. Балаларыммен ашық сөйлесемін. Сонда да үйіне барған соң есінен шығып кетеді.

Қолымда тағы бір ұлым бар. Бірақ, оның келіншегімен мұндай мәселе болмаса деп тілеймін. Келіндерім мейірімді болса екен...», - дейді Хадиша апа.

Хабарламаларға жазылу