Төбет иттер неге азайып барады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төбет иттер неге азайып барады? (ВИДЕО)

23.02.2016
Төбет иттер неге азайып барады? (ВИДЕО)

Жер бетінде иттің 100-ден астам түрі бар. Ішіндегі ең ірісі – қазақы төбет. Бітімі бөлек, тау тұлғалы сырттандар алып мүсінімен көзге ұрады. Тұрғы 70-80 сантиметрге, салмағы 90-100 келіге дейін барады.  Ол үйшік паналамайды, қақаған суыққа да, ми қайнатар ыстыққа да төзімді.

«Бұлар егесін қатты қорғайды. Бір кездері бір ауылды бір т өбет қорғайтын болған.  Мысалы, ауылдан үш шақырым жерде айналып үріп жүретін төбеттер болғанын өзім көрдім»,-дейді «Тазы. Төбет. Бөрібасар» Ұлттық спорт федерациясының төрағасы Әбдірахман Сейітжанов.

Бүгінде төбеттің тұқымын асылдандыруға ден қойған азаматтар көбейіп келеді. солардың бірі – Асылбек Әбдіғаниұлы. Оның айтуынша, бағып отырған төбеттерінің арқасында маңайдағы ұрлық-қарлық азайған.

«Жүректілігі мықты ит. Төбеттің бір ерекшелігі – бала-шағаға тиіспейді, ашқарақ болып келмейді. Мінезін тек қарсыласқа қарсы келгенде ғана көрсетеді»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу