Шарфты қалай таңдау керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шарфты қалай таңдау керек? (ВИДЕО)

22.02.2016
Шарфты қалай таңдау керек? (ВИДЕО)

Имижд-дизайнер Аида Есеналинаның айтуынша, қазіргі таңда шарф тек суықтан қорғайтын дүние ғана емес, сәнді аксессуарға да айналып кетті.

«Шарф – галстук емес. Сондықтан, оны қатты тартып байламаған абзал. Барынша еркін, бостау таққан жөн. Шарф таңдағанда бастысы, функционалдығына мән беру керек, содан кейін барып сәнін таңдаңыз»,-дейді ол.

Шарф байлаудың тәсілдері:

  1. Дрейф – шарфты мойынға іліп, екі жағын бос қоясыз. Бұл ең қарапайым тәсіл.
  2. Француздық (париждік) тәсіл – шарфтан түйін жасау.
  3. Француздық тәсілдің күрделі түрі - шарфтан түйін жасаған соң, бір ұшын ғана ортасынан өткізесіз, келесі ұшын орайсыз.
  4. Түлек тәсілі – бұлай аталуының себебі әлемдік танымал жоғары оқу орындарының мысалы, Гарворд, Кембридж студенттері шарфты осы тәсілмен тағады екен. Бұл тәсілді іскерлік кездесуде қолдануға болады.
  5. Аскот тәсілі – шарфтың бір жағын қысқарақ етіп, екіншісін ұзындау қылып, бір орайсыз. Бұл галстук сияқты байланады. Көбіне бұл тәсілді мерекелік кештерге барғанда қолдануға болады.

Шарф таңдаған кезде оның түсіне де аса мән беріңіз. Себебі, ол кез келген киімнің ажарын ашып, стилін айқындай түседі.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу