Сурет өнеріндегі ерекше бағыттар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сурет өнеріндегі ерекше бағыттар (ВИДЕО)

22.02.2016
Сурет өнеріндегі ерекше бағыттар (ВИДЕО)

Суретші және саяхатшы Рэн Ортнер бейнелеу өнері тарихында бұрын-соңды кездеспеген теңіз әлемін ерекше шынайылықпен көрсете білген жан. Сыншылар оның жұмысын «гиперреализм», деп атайды.

Өйткені, ұзындығы мен ені бірнеше метр болатын кенепке салынған теңіз көріністері адамды ерекше әсерге бөлейді. Таңғажайып туындыларын Рэн  Ортнер майлы бояудың көмегімен салады.

Ал, Хонг Ии қолына түскен кез келген затпен сурет сала алады. Ол бұл жолы да мыңдаған таяқшаларды біріктіріп, Джеки Чанның бейнесін салып шықты.

Суретті су астында салуға болатынын білетін бе едіңіз? Украиндық бір топ суретшілер осындай жаңаша бағытқа ден қоюда.  Суретшілер алдымен дайвинг спортын меңгеріп, содан соң 20 метр су астында тамаша  картиналарды жарыққа шығармақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу