Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Анталияда Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Анталияда Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

20.02.2016
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Анталияда Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Екі ел құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 26 наурызда Түркияның Анталия қаласындағы «Глориа Спортс» аренасында өтеді.

Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-ге белгіленген.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары осы уақытқа дейін 6 рет жасыл алаңда жолыққан. 2 рет Қазақстан Ұлттық құрамасы жеңіске жетсе, Әзірбайжан футболшылары да 2 рет жеңіске жеткен. Және, бір-бірінен 2 рет жеңіліп, 2 рет тең түскен.

ФИФА рейтингінде Қазақстан Ұлттық құрамасы 131 орында келеді, ал, Әзірбайжан құрамасы 116 орында.

Хабарламаларға жазылу