«Kazsport» VI қысқы Ұлттық Универсиаданың жабылу салтанатын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» VI қысқы Ұлттық Универсиаданың жабылу салтанатын көрсетеді

18.02.2016
«Kazsport» VI қысқы Ұлттық Универсиаданың жабылу салтанатын көрсетеді

19 ақпан күні кешкі 21:00 де «Kazsport» телеарнасы Алматыда өткен VI қысқы Ұлттық Универсиаданың жабылу салтанатын көрсетеді.

Жарысты ұйымдастырушылар 2017 жылы өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басты дайындығы деп бағалаған еді. Ұлттық Универсиадаға Қазақстанның 35 жоғары оқу орындарынан 1 мың студент қатысып, 10 спорт түрінен керемет нәтижелер көрсетті.

«Kazsport» - Универсиада туралы кең ақпарат таратқан еліміздегі жалғыз телеарна. 6-18 ақпан аралығында республикалық спорттық телеарна эфиріне жарыс жайлы қазақ және орыс тілдерінде 24 арнайы шолу шықты.

Сонымен қатар, Универсиаданың ашылу салтанаты, хоккей турнирінің 3-ші орын үшін өткізілген кездесуі мен финалы толық көрсетілді.

«Kazsport» тілшілері жарыс өткізілген 6 спорттық кешенде жұмыс істеп, жарысқан қатысушылардан 100-ден аса сұхбат алып, арнайы шолудан бөлек күнделікті жаңалықтар мен «SPORT.KZ» бағдарламасы үшін сюжеттер дайындады.

Алдағы уақытта «Kazsport» телеарнасының эфиріне Универсиада қорытындысы жайлы арнайы хабар шықпақ.

VI қысқы Ұлттық Универсиадаға қатысты материалдарды «Kazsport» телеарнасының ресми сайтынан көруге болады. 

Хабарламаларға жазылу