Бүгін Астанада Ораз Әбішевтің 100 жылдық мерейтойына орай шара өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада Ораз Әбішевтің 100 жылдық мерейтойына орай шара өтпек

10.02.2016
Бүгін Астанада Ораз Әбішевтің 100 жылдық мерейтойына орай шара өтпек

Қазақ Ұлттық Өнер университеті  Театр, кино, телевизия факультетінің деканы Сәулебек  Есімбекұлы және  ҚР Кинематографистер және Журналистер одағының мүшесі, Еуразия телевизия және радио академиясының мүшесі, кино және теледидар кафедрасының меңгерушісі Талғат Тұрғанбайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Біздегі негізгі жаңалық – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бүгін Ораз Әбішевтің 100 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Студенттер арасында сараптама өтіп, ең үздік шыққан үш студентке Ораз ағамыздың атындағы шәкіртақы беріледі. Шараны ұйымдастырып жатқан - Ораз Әбішев атындағы қор.

Бір айта кетерлігі, шәкіртақы өзге қалалардағы өнер университеттерінің  студенттеріне де беріледі. Бүгінгі шара осымен бітпейді. Студенттер Ораз Әбішев туралы фильмдермен бір апта бойына танысады, студенттер конференциясы өтеді. Одан әрі Алматы, Семей қалаларында жалғаспақ. Жалпы айтқанда, мамыр айына дейін үлкен шаралар өткізіледі».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу