Рақым Тәжібаев тарихи күйлерді беріле орындап, қазақ даласын мекен еткен халықтың мұң мен шерін екі шекті домбырамен шебер жеткізе білетін дарын еді. Сондай-ақ, ол қазақтың күйін сол қалпында атадан балаға мұра қылып қалдырған күйші. Қазақ эстрада студиясының ең алғашқы түлектерінің бірі.
Марқұм Құдайберген Сұлтанбаевтың күйші турасында айтқан сөзі бар: «Рақым күй шерткенде қолының буындары ғана қимылдап отыратын, ондай күй шертетін адам жоқ, бұл туа біткен талант...».
Күйшілік өнермен қырық жылдан астам уақыт айналысқан Рақым Тәжібаевтың 120-ға жуық күйі бар. Бүгін 13:25-те «Жарқын бейне» күйшіні еске алмақ.