«Samsung» компаниясы «Safety Truck» жүк көліктерін сынақтан өткізіп жатыр (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Samsung» компаниясы «Safety Truck» жүк көліктерін сынақтан өткізіп жатыр (ФОТО)

06.02.2016
«Samsung» компаниясы «Safety Truck» жүк көліктерін сынақтан өткізіп жатыр (ФОТО)

«Samsung» компаниясы «Safety Truck» жүк көліктерінің жан-жақты сынақтарын бастағанын хабарлады. Бұл көліктердің басты мақсаты – басып озу кезіндегі авариялық оқиғалардың санын азайту.

«Safety Truck» концепциясы алғаш рет өткен жылы таныстырылған еді. Енді «Samsung» компаниясы жобаның барлық қыр-сырын көрсету үшін жаңа көліктерді Аргентинаның жалпы қолданыстағы жолдарына шығарды.

«Safety Truck» жобасының идеясы – жүк көліктерінің артқы жағына төрт дисплейден құралған үлкен монитор орнату. Бұл мониторға көліктің алдында орнатылған камералар арқылы онлайн түрде сурет шығып отырады. Осылайша, жүк көлігінің артынан келе жатқандар жолдағы барлық жағдайды бағамдап, дұрыс әрі қауіпсіз шешім қабуылдауға мүмкіндік алады.

Жүк көліктеріне диагоналі 46 дюйм болатын «Samsung OH46D» атты төрт дисплей пайдаланылмақ. Маңыздысы, олар шаң және судан қорғайтын пленкамен қапталған. Сонымен қатар, олар минус 30 бен плюс 50 градус арасындағы температураға шыдай алады.

«Safety Truck» жүк көліктерінің сынақтары бір жыл жалғасады. Осыдан кейін бұл жоба халықаралық нарыққа шығуы мүмкін. 

Хабарламаларға жазылу