«Сенбілік таң» Төрткен Кененқызының отбасында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» Төрткен Кененқызының отбасында

06.02.2016
«Сенбілік таң» Төрткен Кененқызының отбасында

Қазақтың әйгілі Халық ақыны, әншісі, композиторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткен Кененқызы  өнерді  мейлінше    сүйеді,  өнерліні  қатты    құрметтейді.  

Мектеп  жасына  дейін  әкесімен    бірге  ауыл  еңбекшілерін    аралап,   малшылардың ,   қырықтықшылардың,   шөпшілердің,  егін  басындағылардың    алдында  ән  айтып,  тақпақ  айтып  өскен   ол  мектепке  барған  соң  да   көркемөнер    үйірмелерінің  белсенді  мүшесі  болған.  

Кейінде  халық  ағарту  саласында   еңбек   ете  жүріп,   көркемөнерден   еш  уақытта  қол  үзбеген  ұстаз.    Қайда  жүрсе  де,  нендей  қызмет  атқарса да,   еңбекшілер,  әсіресе,  оқушылар  арасынан  өнерге  жақындарын   ұйымдастырып,  ансамбль  құрып,  ел  арасына  концерттермен  жиі шығады екен.

Бүгін 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасы ҚР Мәдениет қайраткері  Төрткен Кененқызының отбасымен сұхбат құрмақ.

Хабарламаларға жазылу