Қазақстанда «Кәсібіңді сүй» акциясы кеңінен таралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Кәсібіңді сүй» акциясы кеңінен таралуда

05.02.2016
Қазақстанда «Кәсібіңді сүй» акциясы кеңінен таралуда

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Акцияға түрлі кәсіп мамандары қатысуда. Олардың арасында  әлеуметтік саладан жұмысшыларға дейін, соның ішінде медицина қызметкерлері, мұғалімдер, даяшылар, мұнайшылар, машинистер, металлургтер бар.

Флешмобты әншілер Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко сияқты тағы да басқа отандық өнер және спорт қайраткерлері де қолдады.

Жоба авторлары Диас Есдаулетов пен Жомарт Әмірхановтың айтуына қарағанда, қолданушылар әлеуметтік желілерге бұл тақырыптағы 300-ден аса роликтер қойды, оларды жалпы 30 000 адам қараған.

Акцияға кез келген адам қатыса алады. Бұл үшін өз кәсібіңді не үшін сүйетіндігіңді видеоға түсіріп, You tube немесе өзге әлеуметтік желіде орналастыру қажет. Эстафетаның мақсаты- жастарға кез келген мамандықтың өз ерекшеліктері бар екендігін және ол елімізге қажет екендігін көрсету.

Хабарламаларға жазылу