Димаш Құдайбергеновке тамсанған қытайлықтар туралы әзіл видео жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергеновке тамсанған қытайлықтар туралы әзіл видео жарияланды

23.01.2017
Димаш Құдайбергеновке тамсанған қытайлықтар туралы әзіл видео жарияланды

Әнші Димаш Құдайбергеновтің өнеріне тамсанған қытайлықтар туралы әзіл видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда. Онда әртүрлі фильмдердің эпизодтарынан үзінділер беріліп, отандасымыздың өнеріне тәнті болған жанкүйерлердің бейнесін жақсы сәйкестендіре білген.

Қытайдың Sina Weibo (Твиттердің баламасы) әлеуметтік желісіне жүктелген видеоны бір күннің ішінде 3 миллион 340 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген.

Айта кетейік, Қытайдың Хунан TV телеарнасының «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтің Қытайда танымалдылығы артып келеді. Алғашқы айналымда-ақ, орындау жағынан өте күрделі болып саналатын француздың әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, әділ қазыларды аузына қаратқан еді. Қазақ атын әлемге танытқан әншіге Қытайдағы қандастарымыз жарыса өлең арнауда.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу