Үстіміздегі жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, 1 мың 565 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 121-і – өнеркәсіп, 336-сы – сауда, 73-і – көлік және байланыс, 221-і – білім және денсаулық сақтау, 171-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 643-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.
Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 310 адамды жұмысқа орналастырды. Жастар тәжірибесінен өтуге 62 түлек жіберілді.
Айта кетейік, 2015 жылы елордада 18 389 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 937 адам жұмысқа орналастырылды.