Қазақстан Президенті 6 ақпанда Түркия Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесу өткізеді.
Кездесуде сауда-экономика, транзит-көлік және энергетика салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолдары талқыланады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер мен өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың аспектілерін қарастырады.