Теміржол вокзалында көрсетілетін қызметтер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол вокзалында көрсетілетін қызметтер (ВИДЕО)

05.02.2016
Теміржол вокзалында көрсетілетін қызметтер (ВИДЕО)

Бас қаладан тәулігіне бес мыңға жуық жолаушы сапарға шығады. Вокзал 1800 жолаушыға лайықталған. Мұнда кіргеннен бастап, жолаушыға бірнеше қызмет түрі көрсетіледі.

Саны 120-дан асатын вокзал қызметкерлері екі ауысыммен 24 сағат бойы жұмыс істейді.

Хабарлаушы арнайы бөлмеде отырып, келіп-кетіп жатқан пойыздар кестесі бойынша қазақ-орыс тілдерінде ақпарат береді. Жолаушыға қатысты өзге де қосымша ақпараттарды тарату да - хабарлаушының міндеті.

Ал, вокзалдың барлық аумағының көрінісі күні-түні ауысымды бейнебақылау операторларының назарында. Оларға қойылатын басты талап - қырағылық. Сонымен қатар, вокзал ішінде тәулік бойы «Ана мен бала бөлмесі» жұмыс істейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу