Астанада Мухаррем Гөкшеннің көрмесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мухаррем Гөкшеннің көрмесі ұйымдастырылды

04.02.2016
Астанада Мухаррем Гөкшеннің көрмесі ұйымдастырылды

Түбі  бір түркі  жұртының береке-бірілігінің артуына Қазақстан мен Түркияның қызмет қылып жатқаны білгілі.  Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың талай ізгі  бастамаларға мұрындық болғаны да бұқараға аян. Түркі әлемінің мәдени-рухани,  экономикалық байланыстары тереңдеп келе жатыр. Анадолы жақта да, Ұлы дала елінде де мәдени-рухани талай жиындардың, кездесулердің, салтанатты кештердің өтіп жататыны соған дәлел. Осындай мәдени шараларды Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы да  жиі ұйымдастырып келеді.  Жақында ғана аяқталған «Құнси хат және  каллиграфия күндері» атты көрме соның айғағы.

Ақпанның алғашқы күндері  ұйымдастырылған көрменің авторы түркиялық  құсни-хатшы Мухаррем Гөкшен. Ол  көрмеге 34  жұмысын әкеліпті.

Былайғы жұрт каллиграфия өнері туралы азды-көпті  хабардар. Бірақ,  құсни хат  туралы олай деуге келмейді. Әдетте,  көркем жазу деп  сипатталатын құсни-хат өнері ислам мәдениетінің  үлгісі. Арабтың «хұсн» деген сөзінің өзі  «сұлулық», «әдемілік»,  «көркемдік» деген  мағына  береді.  Ал, каллиграфия латын әріптерімен жазылатын көркем жазудың үлгісі саналады. Екі өнердің  ортақ тұсы да көркем жазу.

Хабарламаларға жазылу