Астанада Олимпиадалық қозғалыс көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Олимпиадалық қозғалыс көрмесі ашылды

03.03.2017
Астанада Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойына орай Олимпиадалық қозғалыс көрмесі ұйымдастырылды. 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасы Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі. Ал, 1994 жылдан бері қарай Қазақстан Ұлттық құрамасы Тәуелсіз ел ретінде Қысқы және Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып келеді.

Көрмеде қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жеке қолданылған заттарынан бастап, былтыр өткен Рио Олимпиадасында топ жарып жүлдеге ілінген қазақ елінің спортшыларының жәдігерлері қойылған.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу