Голландия полициясы ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қырандарды қарсы қоймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голландия полициясы ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қырандарды қарсы қоймақ

03.02.2016
Голландия полициясы ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қырандарды қарсы қоймақ

Нидерланды өкілдері ұшқышсыз аппараттармен күреске қарсы жыртқыш құстарды пайдаланбақ. Осы елдің құқық қорғау органы өкілдерінің хабарлауынша, жүргізіліп жатқан сынақтар қазірдің өзінде өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр. Дегенмен, бұл бастамаға қатысты нақты шешім бірнеше айдан соң қабылданатын болады.

Бұл сынақтың қаншалықты өміршең екендігін көрсету үшін тәртіп сақшылары интернетке қыранның квадрокоптерді жұлып алып, қауіпсіз аймаққа алып ұшқан бейнекөрінісін қойды. Екі күнннің ішінде аталмыш бейнекөрсетілімді жарты миллион адам қараған, деп хабарлады Ресейдің ТАСС агенттігі. 

Нидерландының Ұлттық инновациялық полиция департаментінің жетекшісі Марк Вебенің хабарлауынша, бұл әлемде теңдесі жоқ жоба. Жобаны жүзеге асыру қоғамда квадрокоптерлерді жиі пайдалану әрекеттерімен байланысты болып отыр. Тәртіп сақшылары олардың қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкіндігінен де күдіктенеді. 

Голландиялық полиция қызметкерлері болашақта жарылғыш заттар мен химиялық немесе биологиялық қару түрлері ұшқышсыз аппараттардың көмемегімен террорлық мақсатта пайдаланылуы мүмкін деген қауіптің де жоқ емес екендігін айтады.   

Хабарламаларға жазылу