Қазнетте бағаларды доллармен көрсетуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазнетте бағаларды доллармен көрсетуге тыйым салынды

02.02.2016
Қазнетте бағаларды доллармен көрсетуге тыйым салынды

«Колеса» мен «Крыша» порталдарының хабарлауынша, көлік пен жылжымайтын мүлік сату кезінде бағаны доллармен көрсетуге тыйым салынды.

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2 ақпан күні Қазақстанда электрондық сатылымды жүзеге асыру ережелеріне өзгеріс енгізілді. 2015 жылы 25 қараша күні Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов қол қойған №720 бұйрық 22 қаңтар күні жарияланып, бүгінгі күннен бастап күшіне енеді.

Жаңа талап бойынша, делдалдық етуші компания сатылымға шыққан мүлік бағасының тек теңгеде көрсетілуін қамтамасыз етеді. Демек, ендігәрі көлігін, үйін және тағы басқа затын сатуға шығарушы бағаны АҚШ доллары, евро, ресейлік рубль түрінде емес, тек теңгеде ғана көрсетуді тиіс.

Басылым атап айтқандай, «Колеса» сайтының мәлімдеуінше, соңғы 5 ай ішінде көлік сату хабарламаларында теңгемен баға көрсету 20 пайызға өскен.

 

Фото: and.kz

Хабарламаларға жазылу