Маңғыстау облысында 2015 жылы 180 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 2015 жылы 180 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген

02.02.2016
Маңғыстау облысында 2015 жылы 180 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген

Оның сөзінше, аймақтың стратегиялық бағыттарының біріне құрылыс саласын да жатқызуға болады. Бұл салады міне, бірнеше жылдан бері жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіліп отыр.

«Тұрғын үй құрылысы жылдан жылға өсіп келеді. 2015 жылы 180 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүзеге асырылды. Тұрғын-үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 32 миллиард теңгені құрады.  645 мың шаршы метр тұрғын-үй қолданысқа берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 867 отбасыға арналған көлемі 100 мың шаршы метрге жуық 5 тұрғын-үй салынды»,-деді облыс әкімі.

Соның-ақ оның сөзінше, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының көрсеткіштері жоғары деңгейде. Бағдарлама аясында Ақтау қаласындағы 120 жас отбасы жаңа пәтерге ие болған.

Хабарламаларға жазылу