«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды

02.02.2016
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы үздік наурыз-тілекке байқау жариялайды

Байқау шарты бойынша, Наурыз мерекесіне арналған ерекше құттықтауларды жазбаша, аудио, видео нұсқада жолдауға болады. Материалдың ұзақтығы 1 минуттан аспауы тиіс. Құттықтаулар барлық тілде қабылданады.

Құттықтау-тілектерді 25 қаңтардан бастап, 15 наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz электронды поштасына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі 4 үй, «Қазмедиа» орталығы, Қазақ радиосы мекен-жайына жолдауға болады.

Байқау шарттары туралы толығырақ 55-33-37 нөмірі арқылы біле аласыздар!  Астана қаласының коды 8 (7172) .

Үздік деп танылған құттықтаулар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Хабарламаларға жазылу