ОСК: Елімізде өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына 1 мың 50 адам ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК: Елімізде өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына 1 мың 50 адам ұсынылды

01.02.2016
ОСК: Елімізде өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына 1 мың 50 адам ұсынылды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы таратқан баспасөз-баянынан мәлім болды.

Ондағы мәліметтереге сүйенсек, мәслихат депутаттығыныа ұсынылған кандидаттардың 107 – сі облыстықжәне Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаты болуды көздеп отыр.  804 азаматтың мәслихат депутаты болғсы келеді, 139 азамат қалалық мәслихаттарды таңдаған. 2 кандидатты саяси партиялар ұсынса, 1 мың 48 адам өздерін өздері ұсынды.

Қазіргі таңда ұсынылған кандидаттардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (239 адам), Қарағандыдан (197 адам), Шығыс Қазақстаннан (132 адам), Қостанай (95 адам) облыстарынынан ұсынылды. Ұсынылған кандидаттардың бесеуі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өздерінің қандай да бір партияға тиесілі екендіктерін көрсетпеген.

Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар. Олардың 693-і, яғни 66 пайызы ер адамдар да, 357-і немесе 34 пайызы әйелдер. Кандидаттардың орташа жастары - 41.

720 кандидаттың (68,6 %) жоғары білімі, 257 - сінің (24,5 %) арнаулы орта және 72-сінің (6,9 %) орта білімі бар.

Кандидаттардың 56 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 пайызы басқа кәсіппен айналысады.

Округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркеді.

«Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі», - делінген баспасөз мәліметтерінде.

Хабарламаларға жазылу