Батыс Қазақстан облысында 504 сайлау учаскесі жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 504 сайлау учаскесі жұмыс істейді

07.02.2023

Батыс Қазақстан облысында Мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауына кандидат болуға 542 адам өтініш берді.

Қазір облыстық сайлау комиссиясында олардың талапқа сәйкестігі анықталып жатыр. Өңірде 504 сайлау учаскесі бар. Олардың құрамында 4 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығы бар 449 мың адамның тізімі нақтылануда. Оларға бес бюлетень дайындалады. Біреуінде Мәжіліс, екеуінде - облыстық мәслихат, қалған екеуінде тұрғылықты жеріне орай аудандық не қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерлердің аты-жөні жазылады.



Хабарламаларға жазылу